
Отырар ауданы әкімдігінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның 2026 жылдың I тоқсанындағы кезекті мәжілісі өтті. Аудан әкімінің орынбасары А.Құлмахановтың төрағалығымен өткен мәжіліске комиссия мүшелері, тиісті бөлім басшылары мен сала өкілдері қатысты. Күн тәртібінде мемлекеттік қызмет көрсету салаларында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және оған қарсы іс-қимыл шараларының орындалу барысы қаралды.
Атап айтқанда, аудандық жер қатынастары, ауыл шаруашылығы және сәулет, құрылыс және қала құрылысы бөлімдерінің басшылары өз салалары бойынша атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады. Баяндамаларда мемлекеттік қызмет көрсету үдерістерінің ашықтығын қамтамасыз ету, қызмет алушылармен тікелей байланысты азайту және цифрлық қызметтерді дамыту бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Жиын қорытындысы бойынша бөлім басшылары мен ауыл округі әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктелді. Атап айтқанда, мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдерінің сақталуын қатаң бақылау, e-Өтініш платформасы арқылы келіп түскен өтініштерге жүйелі талдау жүргізу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыру мақсатында бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде түсіндіру жұмыстарын күшейту тапсырылды.
Комиссия жұмысы алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасып, сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға бағытталған шаралар жүйелі түрде жүзеге асырылатын болады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-qogam/press/news/details/1204826?lang=kk

Добавить комментарий