ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің фармацевтикалық инспекторат және фармацевтикалық қызмет саласындағы мемлекеттік қызметтер бөлімі, сондай-ақ фармацевтикалық қызметті бақылау бөлімінің мамандары фармацевтикалық ұйымдар өкілдерінің қатысуымен ағымдағы мәселелер бойынша кеңес беру өткізді.
Кездесу барысында фармацевтикалық ұйымдар өкілдеріне тиісті дәріханалық практика (GPP) стандарттарының талаптары, маман сертификатын алу тәртібі, дәрілік заттарды таңбалау (маркировка), фармакологиялық қадағалау (карта-хабарлама толтыру) және өзге де өзекті мәселелер бойынша жан-жақты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, фармацевтикалық ұйым өкілдеріне дәрілік заттардың 70 атауы бойынша ақпаратты Департаментке уақытылы ұсынудың маңыздылығы атап өтілді.
Аталған іс-шара фармацевтикалық қызмет сапасын арттыруға, қолданыстағы нормативтік талаптарды түсіндіруге және сала мамандарына әдістемелік қолдау көрсетуге бағытталды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1204765?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ