«Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді

Опубликовано:

Автор:

в категории

ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшы міндетін атқарушы, Әдеп жөніндегі уәкілі Жанерке Алмасқызының төрағалығымен «Әдеп нормаларын сақтау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді.

Іс-шара барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидаларын сақтауы, қызметтік мінез-құлық стандарттарын ұстануы, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу мәселелері жан-жақты қаралды. Қатысушыларға қолданыстағы заңнама талаптары түсіндіріліп, адалдық, ашықтық және жауапкершілік қағидаттарын сақтау қажеттігі атап өтілді.

Сонымен қатар, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша профилактикалық шараларды күшейту, азаматтармен өзара іс-қимыл кезінде әдеп нормаларын қатаң сақтау және мемлекеттік қызметтің беделін арттыру бағытында нақты ұсынымдар берілді.

Жиналыс қорытындысы бойынша қатысушыларға белгіленген талаптарды мүлтіксіз сақтау, қызметтік міндеттерді адал әрі сапалы орындау қажеттігі ескертілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-kyzylorda/press/news/details/1204759?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *