
2026 жылы 20 сәуір күні «Көктерек ауылдық округі әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде мемлекеттік қызметтегі қазақ тілінің мәртебесіне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға мекеме басшылары қатысты.
Дөңгелек үстелде қазақ тілінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі қолданылу аясын кеңейту, іс қағаздарын жүргізуді толықтай мемлекеттік тілге көшіру, сондай-ақ қызметкерлердің тілдік құзыреттілігін арттыру мәселелері талқыланды. Қатысушылар қазақ тілінің тек ресми құжаттарда ғана емес, күнделікті жұмыс барысында да кеңінен қолданылуы маңызды екенін атап өтті.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-kokterek/press/news/details/1204556?lang=kk

Добавить комментарий