Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ҰЛТТЫҚ КІТАП КҮНІНЕ ОРАЙ МӘДЕНИ ШАРА ӨТТІ
Түркістандағы облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасында ұлттық кітап күніне орай «Артық білім кітапта…» атты мәдени-танымдық шара өтті. Кеш Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасымен бірлесіп ұйымдастырылған. Жиынның ашылу салтанатына ҚР Жазушылар одағының облыстық филиалының төрағасы, ақын Айдар Бастарбекұлы, облыстық «Фараб» әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Жанат Сәдібекқызы мен Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасының директоры Рысбек Ермекұлы қатысып, рухани мерекемен құттықтады.
Сонымен қатар, кешке ҚР Журналистер одағының мүшесі, ҚР Құрметті журналисі Роза Сыздыққызы, ҚР Журналистер одағының және Түркі әлемі Жазушылар одағының мүшесі Несіпкүл Мейманханқызы,«Бітімгер» медиаторлар қоғамдық бірлестігінің басшысы Бақытжан Жармаханұлы қатысты. Сондай-ақ ақын Асылзат Арыстанбек, Түркістан қалалық Оқушылар сарайының директоры Индира Икапова және жас ақын, журналист Бауыржан Ерман қатысып, өз ойларымен бөлісті.
Салтанатты шара аясында облыстық кітапханалардың мерейлі жылдарына орай арнайы кітап көрмелері ұйымдастырылды. Тарқата айтсақ, биыл «Фараб» кітапханасына – 5 жыл болса, Ы.Алтынсарин атындағы облыстық балалар кітапханасына – 65 жыл толып отыр. Келушілер назарына сирек басылымдар мен құнды кітап қорлары ұсынылып, кітапханалардың бүгінгі тыныс-тіршілігі жан-жақты көрсетілді. Шара концерттік бағдарламаға ұласып, сахна төрінде ағартушы ұстаз Ы.Алтынсариннің бейнесі сомдалды. Сонымен қатар, мектеп оқушылары Абай Құнанбайұлының өлеңдерін жатқа оқыды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1202772?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version