
2026 жылғы 16 сәуірде Ұйғыр аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы мен кезекті LІХ сессиясы өтті.
Күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 2025 есепті қаржы жылындағы аудан бюджетінің атқарылуы туралы (Баяндамашы – аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ызғарбек Дархан Ызғарбекұлы);
- 2025 есепті қаржы жылындағы ауылдық округтердің бюджеттерінің атқарылуы туралы (Баяндамашылар – ауылдық округ әкімдері);
- Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының 2025 жылғы аудан бюджетінің атқарылуы туралы есебі (Баяндамашы – Алматы облысы бойынша тексеру комиссиясының мүшесі Қондыбаева Ардақ Жұмағалиқызы);
- Ұйғыр аудандық мәслихатының «Ұйғыр ауданының әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы» 2023 жылғы 11 қазандағы № 8-10-52 шешіміне өзгерістер енгiзу туралы (Хабарламашы – аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Гаитов Ратмир Зайнавдунұлы);
- Ұйғыр аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрәкім Есенбайұлы Есжанның кезекті еңбек демалысы туралы;
Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс, пікірлер айтылып, тиісті шешім қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-uigur/press/news/details/1203320?lang=kk

Добавить комментарий