Ұ. СЫЗДЫҚБАЙҰЛЫ АУЫЛЫНДА ӘЗ-НАУРЫЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Ұ. СЫЗДЫҚБАЙҰЛЫ АУЫЛЫНДА ӘЗ-НАУРЫЗ КЕҢ КӨЛЕМДЕ АТАЛЫП ӨТТІ
Ұ. Сыздықбайұлы ауылында Наурыз мейрамы — Ұлыстың ұлы күні кең көлемде аталып өтті. Ұлттық нақышта безендірілген сахна, қонақтарды күй шертумен қарсы алу, тұсау кесер рәсімі, әжелеріміздің жүн сабау дәстүрі, сондай-ақ ұлттық және сурет көрмелерінің ұйымдастырылуы думанды кештің ажарын аша түсті.
Сарысу ауданы әкімінің аппарат басшысы Рысдәулет Құдайберген Жамбылұлы тұрғындарды мерекемен құттықтап, ізгі тілегін жеткізді.
Кеш барысында ауыл өнерпаздары өнер көрсетіп,
ұлттық ойындар (қой көтеру, гір тасын көтеру, қол күрес, арқан тарту) ұйымдастырылып, жеңімпаздар марапатталды.
Баршаңызды Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1202337?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version