ТОҚБЕРГЕНОВА ҮРЗАДА АТЫНДАҒЫ «ДАНАЛЫҚ МЕКТЕБІ» КАБИНЕТІ АШЫЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Созақ ауданында ұстазға деген құрметтің тағылымды бір көрінісі орын алды. Талай ұрпақтың жүрегіне із қалдырған ардақты педагог, тағдырын білім мен тәрбиеге арнаған Тоқбергенова Үрзада апаның есімі енді жаңа бір игілікті бастамамен жаңғырып отыр.
Т. Әлімқұлов атындағы мектеп-интернат лицейінде «Даналық мектебі» атты арнайы кабинет ашылды. Жаңа кабинет ұрпақ тәрбиесін тереңдетуге бағытталған. Ата-ана, ұстаз және оқушы арасындағы байланысты нығайтатын рухани әрі танымдық орталық ретінде ашылды. Кабинет заманауи талапқа сай толық жабдықталған: бірнеше компьютер, интерактивті мүмкіндігі бар LED экран, жаңа үлгідегі жиһаздар мен оқу құралдары – барлығы да білім сапасын арттыруға қызмет етеді. Игі істің жүзеге асуына Үрзада апаның ұлдары демеушілік жасады.
Салтанатты ашылу рәсімінде аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков сөз сөйлеп, ұстаз еңбегінің қоғамдағы орнына ерекше тоқталды. Білім саласын дамыту бағытында атқарылып жатқан жұмыстарды атап өтті. Өткен жылы аудан көлемінде демеушілердің қолдауымен 142 білім кабинеті жаңартылғанын жеткізді. Бұл басиамалар ел болашағына салынған инвестиция, келер ұрпаққа жасалған қамқорлық екенін тілге тиек етті.
Шара барысында ардагер ұстаздың жақындары жүрекжарды тілектерін білдіріп, Үрзада апаның ғибратты ғұмырына ерекше ықыласпен тоқталды. Ал өмірлік серігі, Түркістан облысының Құрметті азаматы, «Парасат» орденінің иегері Сексенбай Тұрысбеков ақ батасын беріп, игі бастаманың берекелі болуын тіледі.
Кештің көркін қазақы дәстүрмен орындалған әсем әндер ашып, ұстазға арналған жүрек тебірентер туындылар жиынның мәнін тереңдете түсті.
-«Тоқбергенова Үрзада – ұстаздықты өмірлік мұратқа айналдырған, шәкірт санасына сәуле шашқан, сабыр мен парасаттың, адал еңбектің символына айналған тұлға. Оның есімі берілген «Даналық мектебі» – тек бір кабинет қана емес, ұрпаққа бағытталған өнегелі жолдың жалғасы, рухани сабақтастықтың алтын көпірі»,-деді шараға жиналған замандастары мен әріптестері.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1202433?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version