Ауданда пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және оларды қоғамға қайта бейімдеу мәселелеріне қатысты жиын өтті. Басқосу аудандық прокуратураның бастамасымен аудан әкімдігінің мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Жиынға аудан әкімінің орынбасары Серік Маманов, аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылбек Туршеков, тиісті бөлім басшылары, ауылдық округтер мен кент әкімдері, сондай-ақ құқық қорғау органдарының өкілдері қатысты.
Жиынды ашқан аудан әкімінің орынбасары Серік Сахиұлы бұл бағыттағы жұмыстардың маңыздылығына тоқталды.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудандық прокуратура прокуроры Руслан Айдарбеков пен аудандық полиция бөлімінің пробация бөлімшесінің басшысы Ақерке Кәдірбекова баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті мәселелерді ортаға салды.
Аудан прокурорының міндетін атқарушы Асылбек Сламбекұлы пробация есебіндегі азаматтарды қоғамға қайта бейімдеу – олардың түзелуіне және қайта қылмысқа жол бермеудің негізгі тетігі екенін атап өтті.
Жиында пробация есебіндегі азаматтар мен шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған тұлғалардың қайта қылмыс жасауының алдын алу, оларды тұрақты жұмыспен қамту, әлеуметтік қолдау көрсету және қоғамға бейімдеу тетіктері жан-жақты талқыланды.
Кездесу барысында салааралық өзара іс-қимылды күшейту, нақты нәтижеге бағытталған жұмыстарды жүйелеу бойынша ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер нақтыланды.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1202436?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ