
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының Саяси кеңес бюросының отырысында партия атынан сайланған аудан әкімдерінің атқарған жұмыстары жан-жақты қаралды.
Жиын «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиевтің төрағалығымен өтті. Оған Саяси кеңес бюросының мүшелері, Түркістан облыстық мәслихатының төрағасы Нұралы Әбішов, облыстық мәслихат депутаттары, азаматтық қоғам өкілдері және партия қызметкерлері қатысты.
Отырыста аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков баяндама жасап, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы бойынша атқарылған жұмыстарды кеңінен саралады. Аудан басшысы мемлекеттік бағдарламалардың орындалуы, негізгі көрсеткіштердің өсімі, сондай-ақ тұрғындардың әл-ауқатын арттыру бағытында қолға алынған жобаларға жеке-жеке тоқталды.
Атап айтқанда, инфрақұрылымды дамыту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты жаңғырту, жол құрылысы мен ауыз су жүйесін жетілдіру бағытында жүзеге асырылған жұмыстар баяндалды.
Жиын барысында «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев партия сенім мандатын иеленген аудан әкімінің қызметіне жоғары баға беріп, алдағы міндеттерді айқындады.
Сондай-ақ, қатысушылар тарапынан көтерілген ұсыныстар мен сауалдарға тиісті жауаптар берілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-suzak/press/news/details/1202409?lang=kk

Добавить комментарий