2026 жылғы 14 сәуірде Атырау қаласы Кеңөзек ауылдық округі әкімі аппараттарының ғимараттарында ауыл активтерінің жиналысы өтті. Жиын барысында Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы А.Давлетов Кеңөзек ауылдық округінің әкімі болып сайланған Эдуард Айжарықұлы Оспановты ресми әкім куәлігін табыстады.
Тікелей сайлау нәтижесінде Кеңөзек ауылдық округінің әкімі болып сайланған Эдуард Айжарықұлы 2026 жылдың 14 сәуірінен бастап жаңа қызметіне ресми түрде кірісті.
Эдуард Оспанов 1982 жылы 14 қазанда Атырау облысы, Индер ауданында дүниеге келген. Ол жергілікті атқарушы органдарда 19 жылдан астам еңбек өтілімен ерекшеленеді. Сайлауға дейін, 2023 жылдан бастап Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің, бөлім басшысының міндетін атқарушы қызметін атқарған.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-atyrau/press/news/details/1201067?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ