Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ҚАЗЫҒҰРТТЫҚ ШАРУА «АУЫЛ АМАНАТЫ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН АШЫЛҒАН ЖЫЛЫЖАЙДАН ЖЫЛЫНА 10 ТОННА ӨНІМ АЛАДЫ
Қазығұрт ауданында жүзеге асырылып жатқан «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл кәсіпкерлігін дамытуға серпін беруде. «AMANAT» партиясының бастамасымен қолға алынған жоба ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жергілікті өндірісті дамытуға мүмкіндік ашып отыр.
Бағдарлама аясында Қызылқия ауылдық округінің кәсіпкері Әбдіманап Бекмұрзаев 2,5 пайыздық жеңілдетілген несие алып, 0,15 гектар аумаққа жылыжай салған. Қазіргі таңда жылыжайда жылына 10 тоннаға жуық қызанақ өсіріліп, өнім аудан мен Алматы қаласына жеткізілуде. Жоба нәтижесінде 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылып, олардың айлығы 150-180 мың теңге шамасында. Кәсіпкер заманауи агротехнологияларды қолдана отырып, экологиялық таза өнім өндіруде. Жалпы, «Ауыл аманаты» бағдарламасы ауыл тұрғындарына тиімді қаржылай қолдау ұсынып, жаңа жұмыс орындарын ашуға және халықтың әл-ауқатын арттыруға нақты үлес қосып отыр.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1200133?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *