
ТҮРКІСТАНДА ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА КӨКПАРДАН ОБЛЫС ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ
Түркістан қаласындағы заманауи көпфункциялы атшабарда 2009-2011 жылы туған жасөспірімдер арасында көкпардан Түркістан облысының чемпионаты басталды. Ұлттық спорттың көркін қыздырған дүбірлі додаға өңірдің 7 ауданынан іріктелген командалар қатысуда. Атап айтқанда, Сайрам, Жетісай, Ордабасы, Келес, Қазығұрт, Түлкібас және Сарыағаш аудандарынан келген шабандоздар өзара мықтыны анықтауға кірісті. Жас көкпаршылардың шеберлігі мен командалық үйлесімі сынға түсетін жарыс тартысты әрі қызықты өтіп жатыр.
Облыстық біріншіліктің басты мақсаты – алдағы Қазақстан Республикасының чемпионатына үздік ойыншыларды іріктеу. Ел чемпионаты тамыз айында Алматы облысында өтеді деп күтілуде. Түркістан төріндегі көкпар додасында командалар екі топқа бөлініп, айналым жүйесі бойынша сынға түсуде. Жарыс қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер 14 сәуір күні анықталып, үздіктер ел біріншілігінде өңір намысын қорғайтын болады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_______
В ТУРКЕСТАНЕ СТАРТОВАЛ ЧЕМПИОНАТ ОБЛАСТИ ПО КОКПАРУ СРЕДИ ПОДРОСТКОВ
На современном многофункциональном ипподроме города Туркестан начался чемпионат Туркестанской области по кокпару среди подростков 2009–2011 годов рождения. В зрелищных соревнованиях по национальному виду спорта принимают участие команды, отобранные из 7 районов региона. В частности, на поле вышли наездники из Сайрамского, Жетысайского, Ордабасинского, Келесского, Казыгуртского, Тюлькубасского и Сарыагашского районов, чтобы определить сильнейших. Турнир, где проверяются мастерство юных игроков и их командная сыгранность, проходит напряжённо и интересно.
Основная цель областного первенства — отбор лучших игроков для участия в предстоящем чемпионате Республики Казахстан. Ожидается, что республиканский чемпионат состоится в августе в Алматинской области. В турнире, проходящем в Туркестане, команды разделены на две группы и соревнуются по круговой системе. По итогам соревнований победители и призёры будут определены 14 апреля, а лучшие игроки представят регион на чемпионате страны.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1200139?lang=kk

Добавить комментарий