ӨЛЕҢТІДЕ СХОД ЖИЫНЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
 
Бүгін Өлеңті ауылдық әлеуметтік қызмет орталығында ауыл тұрғындарының қатысуымен сход жиыны өтті.
Жиынға Жымпиты ауылдық округінің әкімі Мейрам Қайырғалиев және бірқатар мекеме басшылары қатысты.
Кездесу барысында ауылдың күнделікті тұрмысына қатысты өзекті мәселелер талқыланды. Әкім өз баяндамасында атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарлар жөнінде қысқаша мәлімет берді.
Тұрғындар тарапынан мал бағымы, ауыл ішіндегі тазалық, көше бейнебақылау камералары, мектеп жасындағы балалардың мотоцикл басқаруы, сондай-ақ үй жануарларымен байланысты жол-көлік оқиғалары мәселелері көтерілді.
Сонымен қатар, мал ауруларының алдын алу бағытында да пікір алмасу болды.
Өз кезегінде округ әкімі ауыл тұрғындарына үй жануарларын бағымға жіберу, бағымнан келген малды уақытылы қарсы алу және ауыл тазалығын сақтау қажеттігін атап өтті. Бұл талаптардың барлығы ауылдағы тәртіп пен ортақ мәдениетті қалыптастыруға бағытталғаны айтылды.
Қоңдыкер ЕЛЕУОВ,
“Сырым елі”

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko-syrym/press/news/details/1200335?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version