АҚТОҒАЙ АУЫЛЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА БОЙЫНША КЕЗДЕСУ

Опубликовано:

Автор:

в категории
АҚТОҒАЙ АУЫЛЫНДА КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ
2026 жылғы 5 ақпанда Ақтоғай ауылында аудан әкімінің орынбасары Ж.Сақыпбековтың төрағалығымен Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы аясында конституциялық реформаны түсіндіру мақсатында ауыл тұрғындарымен маңызды кездесу ұйымдастырылды.
Кездесуге Жамбыл облысынан арнайы келген облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшелері қатысты. Атап айтқанда, Жамбыл облыстық ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары Миллионов Жаңабай және Тараз қаласы білім бөлімінің Шерхан Мұртаза атындағы мектеп-гимназиясының директоры Есеева Рахия Райқұлқызы сөз сөйлеп, реформаның негізгі бағыттарына тоқталды.
Жиын барысында конституциялық өзгерістердің мәні мен маңызы түсіндіріліп, ауыл тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтарға нақты жауаптар берілді. Сұрақ-жауап бөлімінде тұрғындар өз пікірлері мен ұсыныстарын ортаға салды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-sarysu-zhanaaryk/press/news/details/1199882?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version