
Қалалық спорт басқармасында халықаралық аренада ел намысын қорғап жүрген жеңіл атлеттер мен олардың жаттықтырушыларымен кездесу өтті. Василий Алексеевич спортшыларды 2026 жылдың ақпан айының басында Тяньцзинь қаласында өткен жеңіл атлетикадан жабық кешендегі Азия чемпионатындағы табысты өнерімен құттықтады.
Аталған жарыста Астана атынан Кристина Кондрашова өнер көрсетіп, Қазақстан әйелдер құрамасы сапында 4×400 метр эстафетада алтын медаль жеңіп алды. Ерлер арасындағы 4×400 метр эстафетада Қазақстан құрамасы, оның құрамында Мади Токенов өнер көрсетіп, қола медаль иеленді.
Басқарма басшысы жаттықтырушылар Роман Валиев пен Александр Сенькинге спортшыларды даярлаудағы жоғары кәсібилігі мен жеңіл атлетиканы дамытуға қосқан үлесі үшін алғыс білдірді.
Кездесу барысында спортшылар мен жаттықтырушылардың ұсыныстары тыңдалып, алдағы жарыстар мен дайындық жоспарлары талқыланды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/astana-sport/press/news/details/1198880?lang=kk

Добавить комментарий