2026 жылдың 9 сәуірінде № 2 медициналық-әлеуметтік сарапмата бөлімінің Бөрлі ауданындағы көшпелі отырысы барысында медициналық-әлеуметтік сараптаманы әдіснамалық және бақылау бөлімінің басшысы С.Туралиева Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2023 жылғы 29 маусымдағы № 260 бұйрығымен бекiтілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргiзу қағидаларына сәйкес мүгедектікті белгілеу өлшемшарттары мен ересектер мен балаларға мүгедектік мерзімдерін белгілеу үшін медициналық көрсетілімдер бойынша дәріс оқыды.
Бүгінгі күні, проактивті-сырттай куәландыруға жолданғандардың уақытылы қызмет алуын қамтамасыз ету мақсатында «Сырттай проактивті форматта жекелеген нозологиялық нысандар бойынша «Мүгедектікті және/немесе еңбек ету қабілетінен айырылу дәрежесін белгілеу және/немесе қажетті әлеуметтік қорғау шараларын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсетудің ерекше тетігін енгізу бойынша пилоттық жобасы аясында (бұдан әрі – Пилоттық жоба) жекелеген нозологиялар бойынша проактивті сырттай куәландыруға жолдау барысында тиісті зерттеп қарау әдістері 031/е нысанына тіркелуіне бақылауды күшейту бойынша хаттамалық ұсынымдар берді.
Сонымен бірге, негізсіз жолдамалардың алдын алу мақсатында нақты мысалдарды көрсете отырып пікір алмасу өткізілді, дәрігерлермен МӘС-ке жолдау мен мүгедектік мерзімдері, сырттай куәландыру сұрақтары талқыланды.
Пилоттық жоба қызмет алушылардың жекелеген нозологиялар бойынша проактивті сырттай куәландырудан/қайта куәландырудан өту барысында бір ғана сарапшыға түсіп, бір күннің ішінде сараптамалық қорытынды шығаруға мүмкіндік береді.
Атап айтқанда, № 031/е нысанын толтыру үшін төменде көрсетілген нозологиялық тізімдер үшін келесі зерттеп-қараулар мен объективті деректердің болуы міндетті.
Туа біткен және жүре пайда болған қалпына келмейтін кемістіктер кезінде (аяқ-қолдың болмауы және (немесе) ампутациясы) кезінде міндетті зерттеп-қарау әдістері:
- стационарлық науқастың тарихынан үзінді;
- травматолог-ортопед (ересек, бала) және (немесе) хирург дәрігерінің қорытындысы (тұқылдың жағдайын, ампутация деңгейін көрсете отырып, жергілікті статустың толық толтырылуы);
- зақымдалған аяқ-қолдың рентгенографиясы;
- ампутация деңгейі көрсетілген рентгенолог қорытындысы;
- -аяқ-қолдың хирургиялық ампутациясы кезінде – «Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығына 1-қосымшасына сәйкес «Стационарлық пациенттің медициналық картасы» № 001/е нысаны бойынша стационарлық пациенттің медициналық картасына 10-қосымша парағы;
- қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша): мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
Даун (ауруы) cиндромы кезінде міндетті зерттеп-қарау әдістері:
- перифериялық қан лимфоциттерін кариотипті зерттеу – диагнозды белгілеген кезде;
- генетиктің қорытындысы – диагнозды белгілеген кезде;
- невропатолог қорытындысы; психиатрдың қорытындысы – психикалық функцияларының бұзылу дәрежесін анықтау үшін;
- психологиялық-медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысы;
- амбулаторлық пациенттің және (немесе) стационарлық пациенттің медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса.
- қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша): мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
Балалардағы мукополисахаридоз кезінде міндетті зерттеп-қарау әдістері:
- молекулалық-генетикалық зерттеу әдісімен ДНК мутациясын анықтау;
- амбулаторлық науқастың және (немесе) стационарлық науқасты
- медициналық картасынан үзінділер көшірмелері – бар болса;
- қосымша зерттеп-қарау әдістері (медициналық көрсетілімдер бойынша): мамандардың кеңестері мен қосымша зерттеп-қарау әдістері дифференциалды диагностика және қатар жүретін патология шеңберімен анықталады.
Жоғарыда көрсетілген нозологиялардың әрқайсысы бойынша тиісті зерттеп қарау әдістері 031/е нысанына тіркелген жағдайда сараптамалық шешім бір күннің ішінде бір ғана сарапшымен шығарылады.
Бұл өз кезегінде науқастардың қызмет алуын тездетіп, күту уақытын қысқартады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-zko/press/news/details/1197960?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ