Байғанин аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXI сессиясы өтті

Опубликовано:

Автор:

в категории

2026 жылғы 10 сәуір күні Байғанин аудандық мәслихатының төрағасы Марғұлан Сержанұлының төрағалығымен аудандық мәслихаттың кезектен тыс отыз бірінші сессиясы өтті.

Сессия отырысына аудан әкімінің орынбасары Р. Раушанов, аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Төлеген Молдабеков, сондай-ақ ауылдық округ әкімдері қатысты.

Сессияның күн тәртібінде бірқатар маңызды мәселелер қаралды. Атап айтқанда:

  • «2026–2028 жылдарға арналған Ащы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» Байғанин аудандық мәслихатының 2025 жылғы 19 желтоқсандағы №348 шешіміне өзгеріс енгізу;
  • «2026–2028 жылдарға арналған Қарауылкелді ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» №351 шешіміне өзгеріс енгізу;
  • «2026–2028 жылдарға арналған Көлтабан ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» №352 шешіміне өзгеріс енгізу;
  • «2026–2028 жылдарға арналған Миялы ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» №355 шешіміне өзгеріс енгізу;
  • «2026–2028 жылдарға арналған Сартоғай ауылдық округінің бюджетін бекіту туралы» №356 шешіміне өзгеріс енгізу;
  • Басқа да мәселелер.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша депутаттар тарапынан сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылды. Нәтижесінде тиісті шешімдер қабылданды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-bayganin/press/news/details/1198700?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version