Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН: «ЖІБЕК ЖОЛЫНЫҢ ЖАУҺАРЫ» АТТЫ АЙМАҚТЫҚ АҚЫНДАР АЙТЫСЫ ӨТТІ
Түркістан облысы Сауран ауданында «Жібек жолының жауһары» атты аймақтық ақындар айтысы өтті. Түркістан облысы әкімдігі мен «Аманат» партиясының тікелей қолдауымен, Сауран ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен өткен іс-шара ауданның құрылғанына 5 жыл толуына және оның жетістіктерін, тарихи орындары мен тұлғаларын дәріптеуге бағытталған.
Айтыстың ашылу салтанатында Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаров сөз сөйлеп, айтыстың маңыздылығын атап өтті.
Айтысқа Қазақстанның әр түрлі аймақтарынан танымал ақындар қатысты. Олардың арасында Жансая Мусина (БКО), Бибігул Тлеуболдинова (Алматы облысы), Нұрғали Әнапия (Шымкент қаласы), Бексултан Орынбасар (Қызылорда облысы), Нұрлыбек Мейірманов (Түркістан облысы), Мейіржан Жақып (Шымкент қаласы), Аян Ниязбек (Түркістан қаласы), Ахметрасул Баянбай (Түркістан қаласы), Исламхан Мұхамедхан (Шымкент қаласы), Еркебұлан Қайназаров (Сауран ауданы), Шахмардан Бекарысұлы (Түркістан қаласы), Нұрдәулет Омірбек (Түркістан қаласы) сияқты ақындар бар. Әрқайсысы өз өнерімен айтыс сахнасында көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Айтыстың әділқазылар алқасы да жоғары деңгейде жасақталды. Төраға ретінде ақын әрі ҚР мәдениет саласының үздігі, «Қазығұрт» жыр жинағының авторы Бекмурат Анарбаев болды. Сондай-ақ, айтыскер ақын, халықаралық және республикалық айтыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы Берібай Оразымбет, ақын әрі ҚР журналистер одағының мүшесі Ләззат Сарыбаева, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ақмарал Леубаева, ҚР мәдениет саласының үздігі Қарима Орал және айтыстың сарапшысы Мұқағали Кенжетайұлы әділ қазылық етті.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша байқаудың Бас жүлдесі Аян Ниязбекке бұйырды. І орын жүлдесін Жансая Мусина иеленсе, ІІ орын Еркебұлан Қайназаровқа берілді. Ал ІІІ орын Бексұлтан Орынбасар, Ахметрасул Баянбай және Нұрлыбек Мейірмановқа табысталды.
Сонымен қатар байқауда бірқатар арнайы жүлделер де табысталды. «Жарқынбек Наушабеков» атындағы арнайы жүлде Нұрғали Әнапияға, «Таушен Абуова» атындағы арнайы жүлде Исламхан Мұхамедханға, «Әселхан Қалыбекова» атындағы арнайы жүлде Бибігүл Тлеуболдиноваға және «Қаныбек Сарыбаев» атындағы арнайы жүлде Мейіржан Жақыпқа берілді. Ал Сауран ауданы әкімінің арнайы жүлдесіне Бекарысұлы Шахмардан лайық деп танылса, Түркістан облысы Мәдениет басқармасының арнайы жүлдесі Нұрдәулет Өмірбековке табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1197508?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version