Жаңалық

Опубликовано:

Автор:

в категории
ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ І ТОҚСАНДА БЮДЖЕТКЕ 250 МЛРД ТЕҢГЕГЕ ЖУЫҚ САЛЫҚ ТҮСКЕН
Түркістан облысында 2026 жылдың I тоқсанында мемлекеттік бюджетке 248,5 млрд теңге түсіп, жоспар 99,7%-ға орындалды. Өсім қарқыны 119%-ды құрап, өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда түсім 40 млрд теңгеге артқан. Бұл туралы брифингте Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Сәуле Шырынбекова мәлімдеді.
«2026 жылдың І тоқсанында 2 млрд теңгеден астам қосымша кіріс көздері анықталып, өндірілді. Атап айтқанда, камералдық бақылау нәтижесінде – 572 млн теңге, жер қойнауын пайдаланушыларды әкімшілендіру бағытында – 500 млн теңге, кедендік және қосымша құн салығын әкімшілендіру бағытында – 387 млн теңге, өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру нәтижесінде – 610 млн теңге салық бюдежетке түсті. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы да айтарлықтай жақсарған. I тоқсанда 500 мыңнан астам қызмет көрсетіліп, оның 99%-ы электронды форматта жүзеге асқан» – деп баяндады спикер.
Сонымен қатар, брифинг барысында Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басқарма басшысы Айдос Құралбайұлы өңірдегі кеден бекеттерінде атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады.
“Кедендік бақылау аясында заңбұзушылықтарға қарсы күрес күшейтіліп, 3 есірткі тасымалдау дерегі анықталды. Сонымен қатар, мұнай өнімдерін заңсыз әкету бойынша 29 жағдай тіркелді. Нәтижесінде 1,58 млн теңгеден астам айыппұл салынып, 9,6 тонна жанармай тәркіленді. Бұдан бөлек, 12 200 АҚШ долларын заңсыз әкету дерегі анықталды. Облыста кеден инфрақұрылымын жаңғырту бағытында бірқатар ірі жобалар іске асырылды. «Атамекен», «Бауыржан Қонысбаев» бекеттері жаңартылып, «Қапланбек» кеден бекеті қайта іске қосылды. «Жібек жолы» бекетін биыл тамыз айында пайдалануға беру жоспарланған» – деді басқарма басшысы.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
В ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ В I КВАРТАЛЕ ТЕКУЩЕГО ГОДА В БЮДЖЕТ ПОСТУПИЛО ПОРЯДКА 250 МЛРД ТЕНГЕ НАЛОГОВ
В Туркестанской области в I квартале 2026 года в государственный бюджет поступило 248,5 млрд тенге, план выполнен на 99,7%. Темп роста составил 119%, по сравнению с аналогичным периодом прошлого года выручка увеличилась на 40 млрд тенге. Об этом на брифинге сообщила руководитель управления государственных услуг Департамента государственных доходов по Туркестанской области Сауле Шырынбекова.
“В I квартале 2026 года выявлено и взыскано дополнительных источников дохода более 2 млрд тенге. В частности, в результате камерального контроля в бюджет поступило 572 млн тенге, в направлении администрирования недропользователей – 500 млн тенге, в направлении администрирования налогов на таможенную и добавленную стоимость – 387 млн тенге, в результате администрирования непроизводственных платежей – 610 млн тенге. Значительно улучшилось качество оказания государственных услуг. За I квартал оказано более 500 тыс. услуг, 99% из которых реализовано в электронном формате”, – доложила спикер.
Также, в ходе брифинга руководитель управления Департамента государственных доходов по Туркестанской области Айдос Куралбайулы доложил о проводимой работе на таможенных постах региона.
“В рамках таможенного контроля усилена борьба с правонарушениями, выявлено 3 факта перевозки наркотиков. Кроме того, зарегистрировано 29 случаев незаконного вывоза нефтепродуктов. В результате наложено штрафов на сумму более 1,58 млн тенге и изъято 9,6 тонн топлива. Кроме того, выявлены факты незаконного вывоза 12 200 долларов США. В области реализован ряд крупных проектов по модернизации таможенной инфраструктуры. Обновлены посты “Атамекен”, “Бауыржан Конысбаев”, введен в эксплуатацию таможенный пост “Капланбек”. Станцию “Жибек жолы” планируется ввести в эксплуатацию в августе текущего года”, – сказал руководитель управления.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1197486?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *