ҚҰРМЕТТІ АУЫЛ ТҰРҒЫНДАРЫ МЕН САУДА ОРЫНДАРЫНЫҢ ИЕЛЕРІ!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес, атап айтқанда «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 108-1 бабына және Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекстің 423-1 бабына сәйкес, 21 жасқа толмаған азаматтарға энергетикалық сусындарды сатуға ҚАТАҢ ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ.

Осы талаптарды бұзу – әкімшілік жауапкершілікке алып келеді.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗДАР:
Энергетикалық сусындар жас ағзаға зиян келтіреді:
• жүрекке артық салмақ түсіреді
• жүйке жүйесіне кері әсер етеді
• ұйқының бұзылуына әкеледі
Зерттеулер бұл өнімдердің денсаулыққа қауіпті екенін дәлелдеген.
Сондықтан олардың сатылуы заңмен шектелген.
ҚАДІРЛІ КӘСІПКЕРЛЕР!
Заң талаптарын қатаң сақтап, жасөспірімдердің денсаулығына бейжай қарамауларыңызды сұраймыз.

ҚАДІРЛІ АТА-АНАЛАР МЕН ЖАСТАР!

Өз денсаулықтарыңыз – өз қолдарыңызда. Уақытша сергектік үшін болашақ денсаулықты тәуекелге тікпеңіздер.

Дені сау ұрпақ – жарқын болашақ кепілі!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-timur/press/news/details/1197733?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version