Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы – басты назарда!

Опубликовано:

Автор:

в категории

Өңірлік комиссияның кезекті отырысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселесі жан-жақты қаралды.

Жиынға көтерме сауда қызметімен айналысатын дистрибьюторлар, ірі сауда желілері және азық-түлік базарларының өкілдері қатысты.

Отырыста әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының баға динамикасы талқыланып, нарықтағы қазіргі ахуалға талдау жасалды. Сонымен қатар, құзырлы мемлекеттік органдар тарапынан делдалдық қызметті анықтау, бағаны негізсіз өсірген кәсіпкерлік субъектілері бойынша жүргізілген талдау жұмыстарының нәтижелері баяндалды.

Кеңес барысында кәсіпкерлік субъектілеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын негізсіз өсірмеу, нарықтағы тепе-теңдікті сақтау және тұрғындарды қолжетімді бағамен қамтамасыз ету қажеттігі қатаң ескертілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-auyal-zharuazhalyk/press/news/details/1197625?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *