“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы

Опубликовано:

Автор:

в категории
“Таза Қазақстан” экологиялық бағдарламасы аясында ауданымызды жасыл аймаққа айналдыру бағытында жүйелі жұмыстар жалғасуда. Аудан әкімі Арман Қарсыбаевтың тапсырмасына сәйкес «Тұқымбақта» көшет өсіруге арналған жылыжай салынып, онда өсірілген жас көшеттерді ашық алаңға көшіру жұмыстары басталды.
Бұл игі бастама – табиғатты аялау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және ауданымыздың көркін арттыру жолындағы маңызды қадамдардың бірі. Жылыжайда өсірілген әрбір көшет ертеңгі күні ауданымыздың көшелері мен саябақтарын көркейтіп, жасыл желекке айналуына өз үлесін қосады.
Табиғатты қорғау – баршамызға ортақ міндет. Сондықтан әрбір тұрғынды туған жерімізді көркейтуге, жасыл желекті көбейтуге және тазалықты сақтауға белсенді атсалысуға шақырамыз.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1196054?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version