
Ағымдағы жылдың 7 сәуір күні «Дүниежүзілік денсаулық күніне» орай «Қозғалыс – өмір, денсаулық – байлық» атты велошеру ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында есірткі мен нашақорлықтың алдын алу, сондай-ақ зиянды әдеттерден бойды аулақ ұстауға шақыру.
ыІс-шараға Талас ауданы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің «Жастар ресурстық орталығы» КММ-сі директоры Н.Манатбеков қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзінде ол қатысушыларға сәттілік тілеп, денсаулықтың адам өміріндегі маңыздылығын атап өтті. Сонымен қатар, есірткісіз қоғам қалыптастырудың өзектілігіне тоқталып, жастарды нашақорлықтан аулақ болуға және салауатты өмір салтын ұстануға шақырды.
Велошеруге аудан жастары мен тұрғындары белсенді түрде қатысып, белгіленген бағыт бойынша жүріп өтті. Іс-шара барысында қауіпсіздік талаптары сақталып, қатысушыларға тиісті нұсқаулықтар берілді.Іс-шара қорытындысы бойынша, мұндай бастамалар тұрғындардың денсаулығын нығайтуға, қоғамда белсенді өмір салтын қалыптастыруға және жастар арасында дұрыс құндылықтарды дәріптеуге оң ықпал ететіні атап өтілді.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1196115?lang=kk

Добавить комментарий