АППАРАТТЫҚ МӘЖІЛІСТЕ МАҢЫЗДЫ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Бүгін Түркістан облысының әкімі Н. Көшеровтің төрағалығымен аппараттық мәжіліс өтті. Оған Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев тиісті сала мамандарымен бірге онлайн форматта қатысты.
Жиын барысында облыс аумағындағы заңсыз жер қойнауын пайдалану деректері мен индустриалды аймақтардағы түйткілді мәселелер кеңінен талқыланды. Сала басшыларының баяндамалары тыңдалып, атқарылып жатқан жұмыстардың тиімділігіне талдау жүргізілді.
Облыс әкімі көтерілген мәселелер бойынша заң талаптарының қатаң сақталуын қамтамасыз ету, бақылау жұмыстарын күшейту және нақты нәтижеге бағытталған іс-шараларды жандандыруды тапсырды.
Мәжілістен кейін аудан әкімі Арман Қарсыбаев орынбасарларымен бірге сала мамандарымен жиын өткізіп, берілген тапсырмаларды орындау бағыттарын нақтылап, жауапты мамандарға міндеттер жүктеді.
Атап айтқанда:
– заңсыз жер қойнауын пайдалану фактілерінің алдын алу және анықталған жағдайлар бойынша шара қабылдау;
– «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстарды жандандыру;
– шомылу маусымына дайындық деңгейін арттыру;
– шағын өндірістік аймақтарды дамыту бойынша жұмыстарды күшейту.
Жиын қорытындысында аудан басшысы барлық берілген тапсырмалардың орындалуы тұрақты бақылауда болатынын ескертті.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1196093?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *