АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА «БОРЫШКЕР» ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Алматы облысы полиция департаментінде төленбеген әкімшілік айыппұлдар мен бюджетке төленуге жататын өзге де міндетті төлемдерді өндіру деңгейін арттыруға бағытталған «Борышкер» жедел-профилактикалық іс-шарасының басталғаны жарияланды.

Іс-шара ағымдағы жылдың 6–7 сәуірі аралығында облыс аумағында өткізіледі. Оның негізгі мақсаты – жазаның бұлтартпастығы қағидатын іске асыру және заңнаманың сақталуына бақылауды күшейту.

Профилактика аясында полиция қызметкерлері цифрлық шешімдерді, оның ішінде жол қозғалысына қатысушылар арасындағы борышкерлерді анықтауға мүмкіндік беретін «Қорғау» мобильді қосымшасын пайдалана отырып, жұмысты жандандырады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1196409?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *