. «ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаменті» 19.03.2026 жылы № 2-22104-26-00499 заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынуда Е-Өтініш АЖ жіберілген қателіктер бойынша қысқаша тоқталды.

Опубликовано:

Автор:

в категории

«ҚР Бас Прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Жетісу облысы бойынша Департаменті» 19.03.2026 жылы   № 2-22104-26-00499 заңдылықтың бұзылуын, оған ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою туралы ұсынуда Е-Өтініш АЖ жіберілген қателіктер бойынша қысқаша тоқталды. Келіп түскен арыз-шағымдардың қай тілде түскені, жауап жазғанда тілді дұрыс таңдау, арызданушымен тыңдау хаттамасын өткізу, келіп түскен өтініштерді арыз емес шағымға орындаушылар ауыстыра алатынын тек қана кеңсе хатшысына жүктелмейтін тапсырма екенін атап өтті.Сонымен қатар арызданушының өтініші қанағаттандырылу, өтінішті қарауды тоқтату, өтініштің қаралуына қанағатсыз қалдыру туралы шешім шығарарда «ҚР Әкімшілік процестік-кодексіндегі баптарды басшылыққа алуды ескертті. Өтініштерді құзыреттілігі бойынша қайта бағыттамау Кодекстің 65-бабына сәйкес жолданымды қарау өкілеттілігіне кірмейтін әкімшілік органға, лауазымды адамға келіп түскен жолданым,келіп түскен күнінен бастап 3-жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті әкімшілік органға,лауазымды адамға жолданады. Арызданушылардың арызында көрсетілген арыз санаттарын дұрыс ауыстыруды ұмытпау керектігі, келіп түскен өтініштер мысалы санаты бойынша арызды арызданушы «ЖИВТ/ЖИТС: ЖИВТ -инфекциясын емдеу және диагностикалау деп көрсеткен, аталған санатты жойып, нақты диагностикалық ауруға немесе арыздың мазмұнына сай қою керек.  Департаменттің мемлекеттік қызметшілердің жіберілген қателіктеріне қысқаша талдау өткізілді. Болашақта аталған қателіктерге жол бермеу, мұқият өтініштерді  қарау туралы   бөлім прокуроры  С.Д.Байтасов жалпы шолуда айтты.

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-zhetisu/press/news/details/1195691?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version