2026 жылдың 6 сәуірінде Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың 101 жылдығына орай қыздар арасында оқ атудан дәстүрлі 28-ші аудандық жарыс өтті.
Ы. Алтынсарин атындағы тірек мектебінің базасында ұйымдастырылған бұл додаға аудан мектептерінен ең үздік деген 33 оқушы қатысып, мергендік шеберліктерін сынасты. Батыр апамыздың ерлігін ұлықтаған жарыс өте тартысты өтті.
Жарыс қорытындысы бойынша:
1-орын: Р. Асубаев атындағы ЖББМ командасы
2-орын: Ш. Уәлиханов атындағы ЖББМ командасы
3-орын: С. Сейфуллин атындағы ЖББМ командасы
Жеңімпаздарды шын жүректен құттықтаймыз! Әлиядай батыр, Отанын сүйер өрен болып өсе беріңіздер!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1195415?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ