БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫНЫҢ ЖӘРМЕҢКЕСІ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Руханият орталығында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі өтті.
🔹Жәрмеңкеге аудан әкімінің міндетін атқарушы Ғани Сүлейменов қатысып, ауданда жұмыссыздық деңгейін төмендету және жұмыс іздеушілерді жұмыспен қамту бағытындағы мұндай шаралардың маңыздылығын атап өтті. Сондай-ақ, осындай жәрмеңкелер алдағы уақытта да тұрақты түрде ұйымдастырылатынын жеткізді.
🔹Жұмыссыздықты азайту мақсатында өткен жәрмеңкеде 14 жұмыс беруші тарапынан 100-ден астам бос жұмыс орны ұсынылды. Оның ішінде «Харвест Агро» компаниясы 87 тұрақты және маусымдық жұмыс орнын ұсынды.
🔹Нәтижесінде жәрмеңке барысында 25 адам тұрақты жұмыспен қамтылды. Қалған қатысушылар жұмыс берушілермен кездесіп, кеңес алып, түйіндемелерін жолдады.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhalagash-district/press/news/details/1195345?lang=kk