
ТҮРКІСТАНДА БЕКЗАТ САТТАРХАНОВТЫ ЕСКЕ АЛУҒА АРНАЛҒАН ХХІV ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ТУРНИР ӨЗ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ
Түркістан қаласындағы «Olympic Center» спорт кешенінде бокстан Бекзат Саттархановты еске алуға арналған жастар арасындағы ХХІV халықаралық турнир өз мәресіне жетті. Дәстүрлі жарыс 30 наурыз-4 сәуір аралығында өтті. Биылғы додаға Қазақстанмен қатар Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Моңғолия, Тәжікстан және Әзірбайжан елдерінен келген жалпы саны 252 боксшы шаршы алаңда бақ сынады. Оның 209-ы ұлдар, 43-і қыздар санатында өнер көрсетті. Ұлдар 10, қыздар 5 салмақ дәрежесінде жеңімпаздарды анықтады.
Турнир қорытындысы бойынша Түркістан облысының спортшылары жоғары нәтиже көрсетті. Қыздар арасында 60 келі салмақта Жасмин Абрамиян чемпион атанса, 65 келіде Айсұлу Мұхит алтын жүлдеге ие болды. Ал, 54 келіде Аружан Орынбай қола медаль жеңіп алды. Ұлдар арасында 50 келіде Арман Мырсабит пен 85 келіде Тұрлыбай Ерубай топ жарып, алтын медаль иеленді. Ал, 60 келіде Алдияр Бахадыр күміс жүлдегер атанды. Сонымен қатар, 75 келіде Әлихан Пірімбетов пен Даниял Қалдыхан, 80 келіде Қуаныш Орынбасар, 90 келіде Бақсұлтан Орындық және +90 келіде Аян Дүйсенбеков қола медальға қол жеткізді.
Аталған турнирде халықаралық ареналарда ел намысын қорғайтын жастар құрамасы жасақталды. Жас боксшылардың өнерін Бақыт Сәрсекбаев бақылап, үздік шыққан спортшыларды ұлттық құрама сапына шақыратынын атап өтті. Іріктелген былғары қолғап шеберлері алдағы Азия және әлем чемпионаттарында, сондай-ақ жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарында ел намысын қорғайды.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
_________
В ТУРКЕСТАНЕ ЗАВЕРШИЛСЯ ХХІV МЕЖДУНАРОДНЫЙ ТУРНИР ПАМЯТИ БЕКЗАТА САТТАРХАНОВА
В спортивном комплексе «Olympic Center» г. Туркестан завершился ХХІV международный турнир по боксу среди молодежи, посвященный памяти Бекзата Саттарханова. Традиционные соревнования проходили с 30 марта по 4 апреля. В этом году на ринге состязались 252 боксера из Узбекистана, Кыргызстана, России, Монголии, Таджикистана и Азербайджана. Из них 209 – юноши, 43 – девушки. Мальчики определяли победителей в 10 весовых категориях, девочки – в 5 весовых категориях.
По итогам турнира спортсмены Туркестанской области показали высокие результаты. Среди девушек в весовой категории 60 кг чемпионкой стала Жасмин Абрамиян, в весовой категории 65 кг Айсулу Мухит завоевали золотые медали. В весе 54 кг Аружан Орынбай завоевала бронзовую медаль. Среди юношей в весе 50 кг Арман Мырсабит и в весе 85 кг Турлыбай Ерубай завоевали золотые медали. В 60 кг Алдияр Бахадыр стал серебряным призером. Также бронзовые медали завоевали Алихан Пиримбетов и Даниял Калдыхан в 75 кг, Куаныш Орынбасар в 80 кг, Баксултан в 90 кг и Аян Дуйсенбеков в +90 кг.
На данном турнире была сформирована молодежная сборная, которая будет представлять страну на международных аренах. За выступлением юных боксеров наблюдал Бахыт Сарсекбаев, который пригласил лучших спортсменов в сборную. Отобранные мастера кожаных перчаток будут представлять страну на предстоящих чемпионатах Азии и мира, а также на юношеских Олимпийских играх.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1194897?lang=kk

Добавить комментарий