
ҚАЗЫҒҰРТ АУДАНЫНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК ӨТТІ
Қазығұрт ауданында «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында ауқымды сенбілік ұйымдастырылды. Игі шара қоршаған ортаның тазалығын сақтау, елді мекендердің көркін арттыру және тұрғындар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Сенбілік жұмыстары ауданның барлық ауылдық округтерінде бір мезетте өтті. Тазалық жұмыстары барысында көшелер, қоғамдық орындар, саябақтар мен арық-атыздар тазартылды. Сондай-ақ, абаттандыру және көгалдандыру жұмыстары аясында ағаш көшеттері отырғызылды. Бұл шаралар ауданның экологиялық жағдайын жақсартумен қатар, оның көркіне оң әсерін тигізуде.
Сенбілік барысында жиналған тұрмыстық қалдықтар арнайы техникалармен қоқыс полигондарына жеткізіліп, тиісті талаптарға сай залалсыздандырылды. Сенбілікке 500-ге жуық адам қатысып, 4 тонна қоқыс шығарылды. Ауқымды тазалық жұмыстарына мемлекеттік мекеме қызметкерлері, ерікті жастар, қоғамдық ұйым өкілдері және аудан тұрғындары белсенді қатысты. Мұндай экологиялық бастамалар алдағы уақытта да жалғасын табады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1194906?lang=kk

Добавить комментарий