ОРТАҚ ІСКЕ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

Опубликовано:

Автор:

в категории

ОРТАҚ ІСКЕ – ОРТАҚ ЖАУАПКЕРШІЛІК!

Бүгін Шет аудандық мәдениет үйінде Ақсу-Аюлы ауылдық округінің әкімі Д. Смаилов халықпен кездесу өткізді. Кездесу барысында мал бағымы, жол қауіпсіздігі және ауылдың санитарлық тазалығы бойынша бірқатар маңызды мәселелер қаралды.

Ауылдағы мал бағымы мен тәртіп – әрқайсымыздың ортақ жауапкершілігіміз. Бақылаусыз жүрген мал тек заңға ғана емес, адам өміріне де қауіп төндіреді.

Іс-шараның басты мақсаты:
🔹Малдарды бақылауда ұстау
🔹Жол-көлік оқиғаларының алдын алу
🔹Малдарды тіркеу, сырғалау және таңбалау жұмыстарын аяқтау
🔹Ауылдың санитарлық тазалығы мен тәртібін сақтау.

Тәртіп бір күнде орнамайды. «Басқаның малы жүрсе, менікі де жүре берсін» деген түсініктен арылып, әрқайсымыз өзімізден бастауымыз керек. Әр тұрғын жауапкершілік танытса, ауылымыз қауіпсіз әрі таза болады.

🌿 Жүректен жүрекке – ойланайық, қамқор болайық, бірге тәртіп орнатайық!
#заңжәнетәртіп#законипорядок

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda-shet-aksu-ayuly/press/news/details/1194507?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version