Шымкент қаласы әкімдігінің қолдауымен Әл-Фараби атындағы қалалық ғылыми-әмбебап кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, тарихшы-этнограф Өзбекәлі Жәнібековтің 95 жылдығына орай «Ұлт мәдениетін ұлықтаған дара тұлға» тақырыбындағы республикалық ғылыми конференция өтті.
Тағылымды жиынның басты мақсаты – ұлт руханиятын жаңғыртуға өлшеусіз үлес қосқан көрнекті тұлғаның өмір жолы мен еңбегін насихаттау, оның мәдени мұрасын бүгінгі ұрпаққа таныту және ғылыми тұрғыда зерделеу болды.
Конференция модераторы – кітапхана директоры, ф.ғ.к. Анар Абусайылқызы Жаппарқұлова жиынның мазмұнды әрі жүйелі өтуіне жетекшілік етті.
Ғылыми жиында Ахмет Тоқтабай мен Хазретәлі Тұрсын ұлттық тарих пен этнография саласындағы еңбектерге тоқталса, қарындасы Айғаным Серім тұлғаның адами болмысы туралы естеліктерімен бөлісті. Сонымен қатар Дархан Кожебаев, Гүлжан Сүгірбаева бастаған ғалымдар баяндамаларында Өзбекәлі Жәнібековтің ұлттық мәдениетті сақтап, дамытудағы маңызын жан-жақты ашып көрсетті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-ishki-sayasat/press/news/details/1194172?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ