МАРОККО ШЕГІРТКЕСІНЕ ҚАРСЫ КҮРЕС БОЙЫНША ШТАБ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтың төрағалығымен өткен мәжілісте өңірдегі фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және шегіртке зиянкестеріне қарсы күрес жұмыстарын жүйелеу бойынша нақты міндеттер айқындалған болатын. Осы тапсырмаларға сәйкес, Ордабасы ауданында арнайы штаб отырысы ұйымдастырылды.
Жиын аудан әкімінің орынбасары Мейрамбек Ақмұратовтың төрағалығымен өтіп, онда марокко шегірткесінің таралуының алдын алу, дер кезінде анықтау және жою бағытындағы кешенді шаралар жан-жақты қаралды.
Отырыс барысында зиянкестердің таралу қаупі жоғары «қызыл нүктелер» белгіленген елді мекендерде жүргізілетін барлау жұмыстары нақтыланып, жедел әрекет ету алгоритмдері пысықталды. Сонымен қатар, жауапты мекемелердің өзара үйлесімді жұмыс істеуі, дер кезінде ақпарат алмасу және нақты шаралар қабылдау мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Жауапты сала басшылары мен ауылдық округ әкімдеріне жұмыстарды күшейтіп, алдын алу шараларын сапалы әрі уақытылы жүргізу, сондай-ақ кез келген қауіпке жедел әрекет ету бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Жалпы, аталған штаб отырысы фитосанитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі жұмысты күшейтіп, ауыл шаруашылығы алқаптарын зиянкестерден қорғау ісінде маңызды қадам болды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1192970?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *