Аудан намысын асқақтатқан спортшылар құрметке ие болды

Опубликовано:

Автор:

в категории

 

Аудан әкімі Жүнісбеков Нұрбол Әбдімажитұлының қабылдауында аудан намысын асқақтатып, жоғары нәтиже көрсеткен спортшылар құрметке ие болды.

2026 жылдың 26–29 наурыз күндері Түркістан қаласында өткен қазақ күресінен ересектер арасындағы Қазақстан Республикасы Кубогінде Тамды ауылының тумасы Сары Жалғас Бауыржанұлы 74 кг салмақ дәрежесінде қола жүлдеге ие болды.
Жаттықтырушысы – Талас ауданындағы №31 БЖСМ жаттықтырушысы Қуатов Даурен Манарбекұлы.

Сонымен қатар, 2026 жылдың 26–30 наурыз аралығында Қарағанды қаласында өткен 2011–2012 ж.т. жасөспірімдер арасындағы дзюдодан Қазақстан Республикасы чемпионатында Райымбек Ерасыл Нұрлыбекұлы 50 кг салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды.
Жаттықтырушысы – Талас ауданындағы №31 БЖСМ дзюдо жаттықтырушысы Мүбәрәк Ақжол Әбдіқасымұлы.

Жоғары жетістіктері үшін спортшылар мен жаттықтырушылар аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталды.

Аудан әкімі олардың еңбегіне ризашылығын білдіріп, алдағы жарыстарда да толағай табыс тіледі.

Талас ауданының абыройын асқақтатқан спортшыларға сәттілік тілейміз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-talas/press/news/details/1193039?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version