Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініш-тілектерін тыңдады. Қабылдау барысында аудан тұрғындары түрлі әлеуметтік және тұрмыстық мәселелерін көтерді.
Кездесуде азаматтар тарапынан тұрғын үй алу, жер телімі мәселесі, ауыз су, жұмыссыздық, әлеуметтік көмек алу, денсаулық, жол қауіпсіздігі белгілерін қою секілді бірқатар өтініштер айтылды. Сонымен қатар әлеуметтік салаға қатысты мәселелер де қозғалды.
Аудан басшысы әрбір өтінішті мұқият тыңдап, көтерілген мәселелердің мән-жайын нақтылап, тиісті бөлім басшылары мен жауапты мекеме өкілдеріне заң аясында зерделеп, шешу жолдарын қарастыруды тапсырды.
Жеке қабылдау барысында айтылған ұсыныстар мен өтініштер бақылауға алынып, олардың орындалуы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілетіні аталып өтті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1193066?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ