Бүгін аудан әкімі Арман Қарсыбаев аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы Ерлан Абдразаховты Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен құттықтады.
Аудан басшысы Арман Романұлы Шардара ауданында өткен референдумды жоғары деңгейде ұйымдастырудағы және өткізудегі белсенді әрі жауапты еңбегі үшін Ерлан Абдразаховтың жұмысын ерекше атап өтті.
— «Сіз Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясын қабылдау жөніндегі жалпыхалықтық референдумды ұйымдастыруға және өткізуге айрықша атсалыстыңыз. Азаматтық берік ұстанымыңыз арқылы мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіруге, игі бастамаларды жүзеге асыруға елеулі үлес қостыңыз. Ел келешегі жолындағы қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаға белсенді қатысқаныңыз үшін Сізге алғысымды білдіремін» — делінген мемлекет басшысының Алғыс хатында.
Марапат құтты болсын!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1192414?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ