«Жас ұстаз: табысқа апарар жол» VI облыстық жас педагогтер форумында Май ауданының командасы ерекше форматта «Attention Battle – назар аудару үшін күрес» тақырыбында шеберлік сыныбын өткізді. Білім беру бөлімінің әдіскері Индира Біржанқызы Аубакированың жетекшілігімен
жас педагогтер тың әрі тиімді әдіс-тәсілдермен бөлісіп қана қоймай, өзара тәжірибе алмасты, заманауи білім беру үдерісіндегі жаңа бағыттарды ұсынды. Қатысушылар:
Жантенова Ж. А. –Жалтыр мектебінің биология пәнінің мұғалімі
Қанат Д. – Саты мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Жанабек Ғ.Ғ. –Е.Мұқашев мектебінің химия пәнінің мұғалімі
Шомит З. А. – Е.Мұқашев мектебінің география пәнінің мұғалімі
Шабыт пен ізденіске толы шеберлік сыныбы қатысушыларға жаңа серпін беріп, кәсіби дамуға тың мүмкіндік ашты!
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1191203?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ