Ұрпақ үні жобасы аясында, Наурыз мейрамы қарсаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Abai and me» облыстық reels конкурсы өз мәресіне жетті.

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ұрпақ үні жобасы аясында, Наурыз мейрамы қарсаңында Павлодар облысы білім беру басқармасының ұйымдастыруымен өткен «Abai and me» облыстық reels конкурсы өз мәресіне жетті.

Аталған шығармашылық байқау жас ұрпақтың бойында ұлттық құндылықтарды қалыптастыру, Абай Құнанбайұлының мол мұрасын насихаттау, оқушылардың өнері мен шығармашылық қабілетін дамыту мақсатында ұйымдастырылды. Байқауға қатысушылар Абайдың өлеңдері мен қара сөздерін заманауи reels форматында ұсыну арқылы өздерінің жаңашыл идеяларын, шығармашылық шеберлігін және ұлттық рухқа деген сүйіспеншілігін көрсете білді.

Осы облыстық байқауда Жалтыр орта мектебі жүлделі ІІ орынға ие болып, кітап және пернетақта сыйлыққа алды, мектебіміздің мерейін үстем етті! 🏆✨

Бұл жетістік – білім мен еңбектің, табандылық пен шығармашылық ізденістің нәтижесі. Сонымен қатар бұл жеңіс оқушыға бағыт-бағдар берген ұстаздардың еңбегі мен ата-ананың қолдауының айқын дәлелі.

🎉 Жүлдегерімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы уақытта да толағай табыстарға жетіп, биік белестерден көріне беруіне тілектеспіз!

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1191193?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *