Ташкент төрінде топ жарған таланттар: Май ауданы оқушыларының жарқын жеңісі

Опубликовано:

Автор:

в категории

Ташкент төрінде топ жарған таланттар: Май ауданы оқушыларының жарқын жеңісі

2026 жылдың 25 наурызында Ташкент қаласында өткен «TASHKENT FEST» халықаралық жасөспірімдер мен балалар өнер байқауы талант пен шабыттың тоғысқан үлкен сахнасына айналды.

Әзірбайжан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей және Қазақстан елдерінен келген дарынды балалар өзара бақ сынап, өнердің биік деңгейін көрсетті. Солардың қатарында Май ауданы, Ақжар орта мектебінің «Шабыт» үйірмесі де ерекше көзге түсті.

Жас өнерпаздар сахна төрінде «Нан кепиеті» атты тағылымды көрінісін ұсынып, Шахан Мусинның «Наркомға хат» өлеңін көркемсөз жанрында әсерлі орындады. Олардың шынайы ойыны мен сахналық мәдениеті көрермендердің ыстық ықыласына бөленіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды.

Нәтижесінде, «Авторлық шеберлік» номинациясы бойынша І орынды, ал «Көркемсөз» жанры бойынша ІІ орынды иеленіп, жеңімпаз атанды. Жас таланттарға кубок, дипломдар мен медальдар табысталды.

Үйірме жетекшісі Кучукова Роза Амантаевнаның кәсіби жетекшілігімен, «Балалар және театр» жобасы аясында дайындалған бұл қойылым шәкірттердің шығармашылық әлеуетін жаңа деңгейге көтерді.

Бұл – тек бір ұжымның жетістігі емес, жас ұрпақтың өнерге деген шексіз құштарлығы мен талпынысының жарқын дәлелі.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1191197?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version