ПСИХОЛОГТАРҒА АРНАЛҒАН СЕМИНАР

Опубликовано:

Автор:

в категории

Май ауданының Аудандық оқушылар үйінің базасында мектеп және балабақша психологтеріне арналған аудандық семинар ұйымдастырылды. «Оқушылардың психологиялық жағдайы» атты тақырыбында Аудандық аурухананың медициналық қызметкері Гросс Отилья баяндады.
Павлодар облысы өңіріңің «Ана үйі» қоғамдық қорының өкілдері Уалиева Маншүк Уалиевна және Сипатилова Салтанат Муратовна «Асырап алушы ата-аналар және олардың балаларына көмек көрсету» тақырыбында теориялық және практикалық бөлім өткізді. Мектеп – Ата –Ана – Бала арасындағы қарым-қатынас, отбасында кездесетін жағдаяттарды шешу жолдары, балалардың мінез-құлқы, қоршаған ортамен байланысы туралы практикалық тренинг жүргізілді.
Тәжірибе алмасу барысында психологтермен пікір алмасу, сұрақ-жауап айдары және рефлексия өткізілді.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1191183?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *