Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі еліміздің мәдени мұрасын сақтау, білім алушылардың эстетикалық және патриоттық сезімдерін тәрбиелеу, балалардың домбырада орындауын насихаттау, музыка ойнаудың ұжымдық нысандарын дамыту және жетілдіру мақсатында дәстүрлі Наурыз мерекесіне арналған «Күй күмбірі» республикалық домбырашылар челленджін ұйымдастырды.
Аталған челленджге Б. Жылқыбаев атындағы балалар өнер мектебінің оқушылары мен ұстаздары белсене қатысып, ұлттық өнерді дәріптеуге өз үлестерін қосты.
Челлендж барысында “Ерке сылқым” күйі орындалды. Күйдің әуезді, нәзік сазы арқылы қазақ халқының рухани байлығы мен ұлттық болмысы көрініс тауып, көрермендерге ерекше әсер сыйлады.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilimmai-edu/press/news/details/1191186?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ