Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлының төрағалығымен кезекті апталық аппараттық мәжіліс өтті. Жиында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты маңызды мәселелер талқыланды.
Мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, ауыл округтерінің әкімдері, дербес бөлімдер мен мекеме басшылары қатысты. Күн тәртібінде екі негізгі мәселе қаралды.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе — көктемгі көшет егу жұмыстарының барысы туралы болды. Бұл бағыттағы атқарылып жатқан істер жайында аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Саттар Нәлібай баяндама жасады. Ол өз баяндамасында елді мекендерді абаттандыру, саябақтар мен скверлерге жаңа көшеттер отырғызу, егілген талдардың күтімі мен суғару жүйесін реттеу мәселелері туралы атап өтті.
Екінші мәселе бойынша аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Батырбек Сыздық сөз алды. Ол «Ауыл аманаты» жобасының ауданда іске асырылу деңгейіне тоқталды. Атап айтқанда бағдарлама аясында берілген өтінімдер саны, ауыл тұрғындарының кәсіпкерлігін қолдау және жаңа жұмыс орындарын ашу, төмен пайызбен несие алу мүмкіндіктерін түсіндіру жұмыстарына кеңінен тоқталды.
Жиын қорытындысы бойынша аудан басшысы Қайрат Жолдыбайұлы жауапты бөлім басшылары мен ауыл әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді.
Аудан басшысы өз сөзінде: «Көшет егу науқаны тек қағаз бетінде қалмай, әрбір егілген талдың тамыр жайып кетуін қатаң бақылау қажет. Ал «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша халыққа ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын күшейтіп, әрбір ауыл тұрғынының мемлекеттік қолдауды сезінуін қамтамасыз етуіміз керек», – дей келе, жауаптыларға жұмыстардың орындалу барысы бақылауда болатынын ескертті.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-audany/press/news/details/1191308?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ