- Жалпы ережелер
Мемлекеттік қызметтер көрсету электрондық қызметтер порталы арқылы қызметтер алу есебінен сыбайлас жемқорлықты төмендетудің факторларының бірі болып табылады. 2023 жылғы 16 тамыздағы №339/НҚ Тізілімге сәйкес Ақсу ауылдық округі әкімі аппараты 5 мемлекеттік қызмет түрін көрсетеді:
«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру»
«Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру»
«Мемлекеттік меншіктегі жер учаскелеріне құқықтарды сатып алу, аукцион (сауда-саттық) өткізуді талап етпейтін»
«Жер учаскесін жеке меншікке біржолғы төлеммен немесе бөліп төлеу арқылы сату»
«Жер учаскесін алуға кезекке қою»
2025 жылдың қорытындысы бойынша көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны 1-д
і құрады (жеке тұлғаларға – 1, заңды тұлғаларға – 0), оның ішінде баламасыз қағаз түрінде – 0.
- Қызмет алушылармен жұмыс
Өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары мен орталықтар арқылы 170-тен астам мемлекеттік қызмет түрлері, сондай-ақ «электрондық үкімет E-Gov» порталында қолжетімді 46 төлем және сервис түрлері көрсетіледі. Бүгінгі күнге дейін барлығы 105 қызмет пен сервис көрсетілді.
Қызмет алушылардың мемлекеттік қызметтерді алу тәртібі туралы хабардарлық деңгейін арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде: семинар-кеңестер, «дөңгелек үстелдер», брифингтер, конференциялар, жәрмеңкелер және қызмет алушылардың хабардарлығын арттыруға бағытталған өзге де іс-шаралар.
Аудан әкімдігінің ресми интернет-ресурсында тиісті нормативтік құқықтық актілер, мемлекеттік қызметтердің паспорттары, оларды көрсету және шағымдану тәртібі туралы ақпарат, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік қызмет көрсету бойынша есептері орналастырылған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-katon-karagay-aksu/press/news/details/1190739?lang=ru

Добавить комментарий Отменить ответ