Атырау облысында білім беру саласында ұзақ жылдар бойы жемісті еңбек етіп, өңірдің білім жүйесін дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар педагогке Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің ведомстволық марапаттары табысталды. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Көпжылдық адал еңбегі мен білім беру ісіне қосқан зор үлесі үшін бірқатар педагог «Еңбек ардагері» медалімен марапатталды. Атап айтқанда, Атырау қаласындағы Жамбыл атындағы орта мектептің ардагер ұстазы Тілепберген Бекетов, Индер ауданы «Бөдене» орта мектебінің мұғалімі Гүлшат Еңсепова, О.Көшеков атындағы Атырау аграрлы-техникалық колледжінің ардагері Ислам Жанзақов, сондай-ақ Қ.Қайсенов атындағы №33 жалпы білім беретін орта мектептің директоры Жеміс Бапаева жоғары марапатқа ие болды.
Сонымен қатар, марапатқа Атырау қаласындағы «Рауан» бөбекжай-бақшасының ардагері Қосай Мұқаш, Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің биология пәні мұғалімі Мереке Жұмашева, Махамбет ауданы Е.Ағелеуов атындағы орта мектептің ардагер ұстазы Гүлзада Неталиева, «Рауан» бөбекжай-бақшасының тәрбиешісі Лиза Жумағалиева, сондай-ақ Индер ауданы М.Әуезов атындағы орта мектептің математика пәні мұғалімі Сәния Жаймұханова ие болды.
Білім беру саласындағы жоғары кәсіби жетістіктері мен педагогикалық қызметіндегі табыстары үшін «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен Жылыой ауданы №8 жалпы орта білім беретін мектебінің химия пәні мұғалімі Ләззат Базағалиева және Атырау қаласындағы Әбіш Кекілбайұлы атындағы №41 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі Асхат Маштаев марапатталды.
Білім беру саласының ардагерлері мен тәжірибелі педагогтерді жоғары марапаттарға ұсыну – олардың көпжылдық еңбегіне көрсетілген құрметтің және жас ұрпақты тәрбиелеудегі ерен қызметінің айқын көрінісі.
Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1189758?lang=kk

Добавить комментарий Отменить ответ