ҚР СУ РЕСУРСТАРЫ ЖӘНЕ ИРРИГАЦИЯ МИНИСТРІ НҰРЖАН НҰРЖІГІТОВ ШАРДАРА АУДАНЫНДАҒЫ АҒЫН СУ ЖҮЙЕЛЕРІН КҮРДЕЛІ ЖӨНДЕУ ЖҰМЫСТАРЫМЕН ТАНЫСТЫ

Опубликовано:

Автор:

в категории
Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов бүгінгі жұмыс сапары барысында Шардара ауданындағы Қ.Тұрысбеков ауылдық округіне арнайы барып, ағын су каналдарын күрделі жөндеу жұмыстарының барысымен танысты.
Аталған округте Ислам даму банкінің қаржыландыруы аясында РШ-2, РШ-2-1 және РШ-3 каналдарын қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілуде. Жобаның бас мердігері – «Көкшетаугидрогеология» акционерлік қоғамы.
Құрылыс алаңында мердігер компанияның өкілі атқарылып жатқан жұмыстар туралы баяндап, канал арналарын механикалық тазалау, топырақпен нығайту және трапеция пішініндегі жаңа арналарды қалыптастыру жұмыстарының жоспарға сәйкес жүзеге асырылып жатқанын жеткізді.
Қазіргі таңда ескі арналарды қалпына келтіру, жаңа учаскелерді қазу, сондай-ақ құрылысқа қажетті материалдарды жеткізу және жұмыс алаңдарын дайындау жұмыстары жүргізілуде.
Кездесуге Шардара ауданының әкімі Арман Қарсыбаев та қатысып, жобаның аудан үшін маңызы зор екенін, бұл жұмыстар суармалы жерлердің көлемін ұлғайтып, ауыл шаруашылығы саласының дамуына оң ықпал ететінін атап өтті.
Айта кетсек, аталған компания жоба аясында Шардара ауданындағы Ақшеңгелді ауылдық округінде орналасқан 4-К-1-1, 4-К-1-2, 4-К-1-3, 4-К-1-4 және 2-Х-1А каналдарына да күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуде. Құрылыс жұмыстары 2027 жылдың соңына дейін аяқталады деп жоспарланған.
Жалпы жоба суару жүйелерін жаңғыртуға, су ресурстарын тиімді пайдалануға және ауыл шаруашылығы алқаптарының өнімділігін арттыруға бағытталған.
Сапар қорытындысында министр “Қазсушар” РМК облыстық филиалының басшылығына барлық каналдардағы құрылыс жұмыстарының сапасын тұрақты бақылауда ұстауды, белгіленген мерзімдерді сақтауды және жұмыстардың талапқа сай орындалуын қадағалауды нақты тапсырды. Сонымен қатар, Шардара ауданының әкімі А.Қарсыбаевқа шаруалар тарапынан түскен өтініштерге дереу жауап беріп, туындаған мәселелерді уақытында шешу қажеттігін ескертіп, шаруалар мен диқандарға тиісті сала мамандарының қатысуларымен түсіндірме жұмыстарын тұрақты жүргізу керектігін тапсырды.
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-shardarin-audany/press/news/details/1190129?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version