«Қашықтықтан BOOM» бейнесабақтар байқауы

Опубликовано:

Автор:

в категории

2025-2026 оқу жылының желтоқсан –қаңтар айларында Қарағанды облысының білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы барлық пән мұғалімдері арасында оқу процесінде цифрлық білім беру технологияларды және жасанды интеллект құралдардын пайдалану бойынша «Қашықтықтан BOOM» бейнесабақтар байқауын өткізді.
«Қашықтықтан BOOM» облыстық жобасы қашықтықтан оқыту жағдайында педагогтердің IT-бағытында теориялық білім деңгейін және кәсіби шеберліктерін арттыру мақсатында болды.
Жобаның негізгі міндеттері:
– IT-бағыттардағы теориялық және тәжірибелік білімді дамыту.
– Оқыту нысандарын, әдістері мен құралдарын жетілдіру.
– Педагогтердің білім берудегі инновациялық технологияларды бөлісуі және игеруі.
– IT-бағыттардың озық жетістіктерін оқыту тәжірибесіне енгізу.
Жобаға ауданымыздың мектептері арасынан А.Асылбеков мектебінің физика, математика және информатика пәндерінің мұғалімі Абаева Кульшат Мырзабековна, аталған мектептің көркем еңбек пәні мұғалімі Ахантаев Буркут Каршыгаевич қатысып жүлделі ІІІ орындға ие болды.

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-nura/press/news/details/1189545?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Exit mobile version