Елордада бірден екі жаңа учаскелік полиция пункті өз жұмысын бастады

Опубликовано:

Автор:

в категории

Бүгін құқық қорғау қызметтерінің қолжетімділігін арттыру және «халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру мақсатында елордада «Нұра» және «Алматы» аудандарында екі учаскелік полиция пункті ашылды.
№53 учаскелік полиция пункті «Нұра» ауданында Қайым Мұхамедханов көшесі, 23 мекенжайында, «Anisa» тұрғын үй кешенінің бірінші қабатында орналасқан. Жалпы аумағы – 129 шаршы метр. Пунктте 5 қызметтік кабинет қарастырылған, штат саны – 14 қызметкер.
Ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Әлия Әбсеметова, сондай-ақ мәслихат депутаты Нұрлан Мүслім қатысты.
Екінші №8 учаскелік полиция пункті «Алматы» ауданында Тәуелсіздік даңғылы, 40 мекенжайында, «Байтас» тұрғын үй кешенінде орналасқан. Пункттің аумағы – 53,4 шаршы метр, 3 қызметтік кабинет қарастырылған, штат саны – 10 қызметкер. Іс-шараға Алматы ауданының әкімі Рүстем Тәуекелов қатысты.
Әрбір учаскелік полиция пункті полиция қызметкерлерінің жайлы әрі тиімді жұмыс істеуі үшін қажетті барлық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Бейнетіркегіштер мен қызметтік автокөліктер бөлінген. Қызмет көрсетілетін аумақтарда дипломатиялық өкілдіктерден бастап балабақшалар мен білім беру мекемелеріне дейін маңызды нысандар орналасқан.
Астана қаласы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Марат Төлебаев атап өтті:
«Жаңа учаскелік полиция пункттерінің ашылуы – “халық үніне құлақ асатын мемлекет” қағидатын жүзеге асырудағы және “Заң мен тәртіп” тұжырымдамасын нығайтудағы маңызды қадам. Біздің міндетіміз – халыққа жақын болу, азаматтардың өтініштеріне жедел әрекет ету және қаланың әрбір учаскесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Жаңа УПП-лар тұрғындардың сенім деңгейін арттырып, профилактикалық жұмыстың тиімділігін күшейтеді деп сенемін».

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-astana/press/news/details/1189253?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *