Сарыағаш аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының бірлескен отырысы өтті.

Опубликовано:

Автор:

в категории
 
Отырыс барысында күн тәртібіне енгізілген 13 мәселе жан-жақты қаралды. Атап айтқанда, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі комиссияның бір жылда атқарған жұмыстары, Сарыағаш қаласы әкімінің және бірқатар бөлімдер мен ауылдық округ әкімдерінің есептері тыңдалды. Сонымен қатар, ауданның құрылыс, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары, мәдениет, тілдерді дамыту, дене шынықтыру және спорт салалары бойынша атқарылған жұмыстар сараланды.
Бұдан бөлек, аудандық мәслихаттың бақылауда тұрған шешімдерінің орындалу барысы қаралып, бірқатар қолданыстағы шешімдерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселелері талқыланды. Сондай-ақ, әкімшілік-аумақтық құрылысқа қатысты және комиссиялар құрамын қайта бекіту жөніндегі ұсыныстар қаралды.
Күн тәртібіндегі барлық мәселелер қаралып, тиісті ұсынымдар беріліп, сессияның қарауына жолданды.
Сарыағаш аудандық мәслихат аппараты

Источник : https://www.gov.kz/memleket/entities/saryagash-maslihat/press/news/details/1188967?lang=kk


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *