ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Опубликовано:

Автор:

в категории

АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ 

Бүгін Қармақшы ауданы әкімдігінің мәжіліс залында аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың төрағалығымен кеңес отырысы болып өтті. 

 

      КҮН ТӘРТІБІНДЕ ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МӘСЕЛЕЛЕР ҚАРАЛДЫ:

  1. Қармақшы ауданы әкімі Ж.Еркінбектің «Қармақшы ауданының 2025 жылғы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы атқарылатын негізгі міндеттері туралы» есебі.
  2. Қармақшы аудандық мәслихатының төрағасы Ә.Қошалақовтың 2025 жылғы атқарылған жұмыстар есебі.
  3. Қармақшы аудандық Қоғамдық кеңес төрағасы Ә.Құлдүйсеновтың 2025 жылғы атқарылған жұмыстар есебі.
  4. ҚРДСМ СЭБ Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ  РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесі  зертханасының атқарып жатқан жұмыстары, көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы мен  нәтижелі жұмыс жасаудағы есебі.

         Есеп беруші: ҚРДСМ СЭБ Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ  РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы С.Тиыштыбай.

  1. «2026-2030 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының 2025 жылғы 29 желтоқсандағы №374 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы жайлы.

          Хабарламашы: Қармақшы аудандық экономика және                                                              қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы  М.Бекенов.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша аудан әкімі Ж.Еркінбек,  аудандық мәслихат төрағасы Ә.Қошалақов және аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы Ә.Құлдүйсенов 2025 жылғы атқарылған жұмыстар есебін жасап, алдағы уақытта атқарылатын негізгі міндеттерді таныстырды.      

Аудан әкімдігі мен мәслихатының және аудандық қоғамдық кеңес тарапынан атқарылған жұмыстар барысы оң бағаланып, алдағы міндеттері мақұлданды.

ҚРДСМ СЭБ Комитетінің «Ұлттық сараптама орталығы» ШЖҚ  РМК Қызылорда облысы бойынша филиалы Қармақшы аудандық бөлімшесінің зертхана меңгерушісінің міндетін атқарушы С.Тиыштыбай атқарып жатқан жұмыстары мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасы  жайлы  есебін беріп, аудан көлемінде халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығын қамтамасыз ету, жұқпалы және паразиттік аурулардың алдын-алу, санэпидқызмет көрсетушілердің кәсіби деңгейлерін арттыру мақсатында бағытталған іс-шараларын баяндады.

Осымен қатар кеңес отырысында Қармақшы аудандық экономика және                                                              қаржы бөлімі басшысының міндетін атқарушы  М.Бекеновтың хабарламасы бойынша «2026-2030 жылдарға арналған Қармақшы ауданының даму бағдарламасын бекіту туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының           2025 жылғы 29 желтоқсандағы №374 шешіміне өзгеріс енгізу туралы» Қармақшы аудандық мәслихатының шешім жобасы мақұлданып, келісім берілді.

Қармақшы аудандық қоғамдық кеңесі отырысында жасалған есептер мен хабарламалар бойынша аудандық қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан талқыланып, ұсыныс пікірлерін білдірді.  

Қоғамдық кеңес отырысына күн тәртібіндегі қаралатын мәселелер бойынша есеп беретін мекемелердің және дербес бөлімдер мен мекемелер басшылары, кент және ауылдық округтер әкімдері, үкіметтік  емес  ұйымдар  жетекшілері,  бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті мемлекеттік қызметтер көрсету басқармасының басшысы Н.Сүлейменов кеңес отырысына “ZOOM” платформасы арқылы онлайн қатысты.

 

ҚАРМАҚШЫ АУДАНДЫҚ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІ

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karmakshy/press/news/details/1188944?lang=ru


Комментарии

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *